СШ № 39 » Материалы за Май 2019 года
Автор: admin от 26-05-2019, 23:08, посмотрело: 233
Категория: Мерекелік іс-шаралар
Автор: admin от 15-05-2019, 22:35, посмотрело: 159
Сақ болыңыз, кене маусымы басталды!
Қар еріп, көптен күткен көктем де келіп жетті. Көктемде табиғатпен бірге кенелер де оянады. Алдымызда демалу, көкке шығу, табиғат аясына шығып серуеңдеу және саяжайда жұмыс істеу маусымы күтіп тұр. Өкінішке орай, осы тамаша жыл мезгілінде, кене деген «қансорғыштың» олжасы болу да мүмкін екендігін, естен шығармау керек, өйткені олар адамның денесіне қадалып, қанын сорғанда кене энцефалитінің, иксодтық кене боррелиозының (Лайм боррелиозы), кене риккетсиозының және басқа да жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жұқтырады. Соның ішінде ең қауіптісі кене энцефалиті болып табылады.
Кене энцефалиті– жіті, табиғи ошақтық, кене арқылы таралатын жұқпалы ауру, науқастың орталық жүйке жүйесi зақымдалады, сал ауруына шалдығып, мүгедектікке ұшырайды, асқынған жағдайларда адам өліп те кетіуі мүмкін.
Аурушаңдық көктем-жаз мезгілдерінде тіркеледі, яғни кенелердің белсенді кезеңіне байланысты. Кене шағу қауіпі бойынша кезең сәуір айынан қыркүйек айына дейін созылады. Кенелердің белсенділігі ауа-райына (ауа температурасына, ылғалдылыққа) тәуелді. Кенелер ауа температурасы +3-5ºС болғанда оянып, +15ºС –тан асқанда белсенділіктері арта түседі. Адамдардың кене шағып, медициналық көмекке ең көп жүгіну кезеңі мамыр-маусым айларына тұспа тұс келенді, өйткені күннің жылынуы, кенелер үшін де адамдар үшін де қолайлы кезең болып есептеледі, яғни адамдар табиғат аясына дем алуға, саяжайларда, саябақтарда, демалыс базаларына көп барады.
Дегенмен, бұл көктем-жаз мезгілінде орманға барып, көкке шығып серуендеуге болмайды деген емес, тек кенені шақтырмау үшін, келесі қарапайым сақтық шараларын білу және орындау керектігін ескертеді:
Дегенмен, кене адамды шаққан болса, не істеу керек?
Денеге қадалған кенені өте мұқият алу керек, өйткені тұмсығы үзіліп, адамның денесінде қалуы мүмкін.
Сондықтан, кенені алғанда келесі ұсыныстарды орындау қажет:
Естеріңізге саламыз!Шығыс Қазақстан облысында кене энцефалитінің табиғи ошағы 19 қала мен ауданның 8 аумағын қамтиды: олар Глубокое, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Риддер және Өскемен қалаларының маңайы.
Көктем-жаз мезгілінде демалыстарыңыз дұрыс өтсін десеңіз, кенеден қорғанудың қарапайым ережелерін сақтаңыз!
Категория: Мектеп әкімшілігі
Автор: admin от 4-05-2019, 03:09, посмотрело: 192
Категория: Мектеп әкімшілігі
Автор: admin от 4-05-2019, 02:51, посмотрело: 190
Категория: Мерекелік іс-шаралар